Техникалық қолдау
+7 707 384 29 57 | ДС. - ЖМ. 10:00 - 19:00 Астана уақыты

Водителей в РК перестанут наказывать за езду без прав и техпаспорта

19.11.2020

Тек құжаты расымен болса ғана.

Депутаттар Әкімшілік кодекске өнгеріс енгізбек. Kolesa.kz тілшісіне ҚР парламент мәжілісіндегі мамандар хабарлағандай, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті жол қозғалысына қатысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде заң жобасын дайындайды.

Депутаттар Әкімшілік кодекске өнгеріс енгізбек. Kolesa.kz тілшісіне ҚР парламент мәжілісіндегі мамандар хабарлағандай, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті жол қозғалысына қатысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде заң жобасын дайындайды. Ол қабылданса Әкімшілік кодекстегі жүргізуші куәлігі мен заңмен бекітілген басқа да құжаттарсыз көлік басқарған азаматтарға ескерту жасау не 5 АЕК (13 890 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды қарастыратын 612-бапқа өзгеріс енеді. Нәтижесінде жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатын үйде қалдырып кеткен жағдайда жауапқа тартылмайды. Алайда бұл өзгерістер Қазақстанда берілген құжаттарға ғана қатысты, яғни шетелдік көлік иелерінің көлік құралын тіркеу туралы куәлікті алып жүруіне тура келеді.

Елдегі автокөліктер мен иелері туралы ақпарат ІІМ деректер базасында бар және полицейлер үшін қолжетімді болғандықтан, халық қалаулылары ұмытшақ жүргізушілерге айыппұл салудың қажеті жоқ деп санайды.

Бұл заң жобасына скутер және электросамокат мінгендердің құқықтары мен міндеттері де жазылады.

Артынан жоғарыда аталған түзетулерді енгізу жұмысымен келесі жылдың басында сайланатын жаңа депутаттар айналысатыны белгілі болды. Ал тиісті комитет қорытындыны тек 2021 жылдың 26 қарашасында ұсынады. Осылайша, бұл заң тек 2022 жылы күшіне енеді.