Бөтен көлікті сақтандырусыз басқару: қандай жағдайларда рұқсат етіледі?

14.05.2025
Кейбір жағдайларда азаматтар өздеріне тиесілі емес көлікті сақтандыру полисінде олардың аты-жөні болмаса да басқара алады. Алматы қаласының полиция департаменті мұндай басқару заң бұзушылық болып табылмайтын шарттарды түсіндірді:
  • Жүргізушінің жарамды жүргізуші куәлігі бар және көлік салонында көлік иесі отыр.
  • Көлікте сақтандыру полисінде көрсетілген адам бар.
  • Басқару қызметтік мақсатта жүзеге асырылады, мысалы, автосервис қызметкері көлікті СТО аумағында жылжыту кезінде.
Басқа жағдайларда сақтандырусыз бөтен көлікті басқару әкімшілік айыппұлға әкеп соғады. 2025 жылы оның мөлшері 10 АЕК (39 320 теңге) құрайды.

ЖКО кезіндегі жауапкершілік

Сақтандыру полисіне енгізілмеген жүргізуші жол-көлік оқиғасына себепкер болған жағдайда, шығынды өтеу міндеті техникалық паспортта көрсетілген көлік иесіне жүктеледі.

tengriauto