«Сәнді» мемлекеттік нөмірлерге арналған жаңа алым мөлшерлемелері бекітілді
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі жобасында көлік құралдарына цифрлық және әріптік белгілері ерекше «сәнді» мемлекеттік тіркеу нөмірлерін дайындау және беру үшін төленетін алым мөлшерлері қарастырылған.
Аталған түзетулер 2025 жылдың сәуір айында Мәжілісте мақұлданып, қазіргі таңда Сенаттың қарауында. Егер Сенат бұл түзетулерді қолдайтын болса, жаңа алымдар заңды күшіне енеді.
Мемлекеттік нөмірлерге қатысты алым мөлшерлері:
-
Цифрлық белгілері келесідей нөмірлер үшін:
-
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 — 57 АЕК (224 124 теңге)
-
Осы нөмірлер бірдей әріптік белгілермен — 114 АЕК (448 248 теңге)
-
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 — 137 АЕК (538 684 теңге)
-
Осы нөмірлер бірдей әріптік белгілермен — 194 АЕК (762 808 теңге)
-
001–009, 777 — 228 АЕК (896 496 теңге)
-
Осы нөмірлер бірдей әріптік белгілермен — 285 АЕК (1 120 620 теңге)
-
-
Келесі сандық комбинациялар үшін:
-
101–989 аралығындағы, симметриялы немесе біркелкі сандар — 15 АЕК (58 980 теңге)
-
Осы сандар бірдей әріптік белгілермен — 72 АЕК (283 104 теңге)
-
-
Басқа барлық сандар үшін:
-
Жоғарыда көрсетілмеген, бірақ бірдей әріптік белгілермен берілген нөмірлер — 57 АЕК (224 124 теңге)
-
-
Тапсырыс берушінің қалауы бойынша таңдалған кез келген цифрлық және/немесе әріптік белгілермен нөмірлер
(жоғарыда көрсетілгендерден басқа) — 10 АЕК (39 320 теңге)
Ескерту:
2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 3 932 теңге. Жоғарыдағы сома осы көрсеткіш негізінде есептелген.
Кескін — kolesa.kz