Техникалық қолдау
+7 707 384 29 57 | ДС. - ЖМ. 10:00 - 19:00 Астана уақыты

Список тех, кому можно не платить за проезд по платным дорогам, расширят

12.04.2021

Ақылы жолмен тегін жүретіндер көбейеді
ҚР ИИДМ әзірлеген заң жобасы мәжіліс қарауында.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, ҰОС ардагерлері мен соған теңестірілген азаматтардың және өзге елдерде әскери ұрыстарға қатысқан ардагерлерге тиесілі жеңіл көліктердің республикалық ақылы жолдармен тегін жүруіне мүмкіндік беріледі.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, ҰОС ардагерлері мен соған теңестірілген азаматтардың және өзге елдерде әскери ұрыстарға қатысқан ардагерлерге тиесілі жеңіл көліктердің республикалық ақылы жолдармен тегін жүруіне мүмкіндік беріледі. Тиісті өзгерту «Автомобиль жолдары туралы» заңның 5-2-бабына енеді.

Айта кетерлігі, заңның өзгергенін және жеңілдікке ие азаматтардың саны артқанын мекеме өкілдері өткен күзде хабарлаған еді. Бірақ құжаттың жобасы әлі қаралып жатыр.

Анықтама ретінде:
2020 жылы мамырда күшіне енген «Ардагерлер туралы» заңға сәйкес, жеңілдік алуға құқылы тұлғалар қатарына ҰОС ардагерлері, ҰОС мүгедектері, Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысқан жауынгерлер, сонымен қатар Ауғанстанда кеңес әскеріне қызмет көрсеткендер, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндетін атқарған әскери қызметшілер, бітімгерлер, Ирак пен Таулы Қарабахта қызмет еткендер, Ленинград қоршауында болғандар, концлагерьде тұтқын болған және Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан азаматтар кіреді.

Олардың жалпы саны — 130 мың.

Еске сала кетейік, жаңа ақылы жол бөліктерімен жүйткігендерден биыл көктемде ақы алына бастауы тиіс еді. Бірақ бірнеше жолда мамандар әлі құрылғы орнатып жатыр екен. Төлем RFID-таңба арқылы жасалады.

Жол ақысын Kolesa.kz мобильді қосымшасы арқылы 50 % жеңілдікпен төлеуге болады.
Жаңалықтар көзі: https://kolesa.kz/