Автомектептер — ІІМ тізіліміне: министрлік қандай жаңа өкілеттіктер алды
Үкімет Ішкі істер министрлігі туралы ережені жаңартты. Ведомство бірқатар жаңа функция алады, олардың едәуір бөлігі жүргізушілерді даярлауға, емтихандарға және көліктерге қатысты. Қаулы 2026 жылғы 28 қарашадан бастап күшіне енеді.
Автомектептер тізілімі және рұқсаттар
ІІМ жүргізушілерді даярлайтын оқу ұйымдарының тізілімін жүргізеді және оны жүргізу қағидаларын өзі бекітеді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап министрлік автомектептерге екінші санаттағы рұқсаттар бере бастайды.
Сонымен қатар ІІМ автомектептерге қойылатын рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді. Бұл талаптар рұқсаттар және цифрландыру саласындағы органдармен келісіледі.
Жүргізуші куәлігіне емтихан
Министрлік емтихан тапсыруды қандай техникалық құралдармен бақылайтынын, оларға қойылатын талаптарды және олардың жол жүрісі саласындағы цифрлық жүйемен қалай жұмыс істейтінін айқындайды.
Сондай-ақ жаңа редакцияда ІІМ жүргізушілерді даярлау, емтихан қабылдау, куәлік беру, сондай-ақ басқару құқығынан айыру және оны қалпына келтіру қағидаларын әзірлеп, бекітетіні бекітілді.
Көліктер
ІІМ көлік құралдары кепілін тіркеу — оны ресімдеу, өзгерту және тоқтату қағидаларын бекітеді. Сонымен қатар министрлік жолаушылар мен жүк тасымалдау кезінде пилотсыз көліктердің жұмыс істеу қағидаларын келіседі.
ІІМ-нің қалған жаңа функциялары көші-қонға, визаларға және жеке басты куәландыратын құжаттарға байланысты.
Болашақ жүргізушілер үшін бұл нені білдіреді
Тізілім мен рұқсаттар автомектептердің жұмысы бірыңғай талаптар бойынша тексерілетінін білдіреді. Талаптардың өзі әзірге жарияланған жоқ — олар шыққан бойда оқушылар үшін не өзгеретінін айтып береміз.
Zakon.kz материалдары бойынша