073/у үлгісіндегі анықтаманы eGov арқылы алу мүмкін болды
27.11.2024
27 қарашадан бастап қазақстандықтар 073/у үлгісіндегі медициналық анықтаманы eGov.kz порталы арқылы ала алады. Бұл анықтама адамның көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайды.
Бұрын бұл анықтама мамандардың кеңесінен кейін қағаз түрінде берілетін. Енді оны медициналық тексеруден өткеннен кейін электронды түрде алуға болады.
Анықтаманы онлайн алу үшін:
- eGov.kz порталына кіру қажет.
- "№ 073/у үлгісіндегі медициналық анықтаманы беру" қызметін таңдау керек.
- Өтінімді электронды қолтаңба арқылы растау қажет.
Дайын анықтаманы жеке кабинеттен PDF форматында жүктеп алуға болады, және оның жарамдылық мерзімі 1 жылды құрайды.