Мопед жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: тіркеу және жүргізуші куәлігі

04.10.2024
Президент жол қозғалысы туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды. Енді мопед жүргізушілері міндетті мемлекеттік тіркеуден өтіп, жүргізуші куәлігіне ие болуы қажет. Бұл талаптарды орындау үшін алты ай уақыт беріледі. Олай болмаған жағдайда, көлік құралы айып тұрағына жіберіледі.