Қазақстанда мопедтерді міндетті тіркеу енгізіледі.

20.09.2024

Қазақстанда мопед жүргізушілерін мемлекеттік тіркеуден өтуге міндеттейді. Тиісті заң жобасы Сенатта бірінші оқылымда қаралуда.

Сенат депутаты Евгений Больгерттің айтуынша, жол қозғалысын ұйымдастырудың жекелеген көлік түрлеріне және жол қауіпсіздігін цифрландыруға қатысты заң жобасы бұған дейін Мәжілісте қабылданып, енді мопедтерді міндетті тіркеуді енгізеді.

Сонымен қатар, заң жобасында мопедті басқару құқығы А1 санатындағы жүргізуші куәлігімен расталатыны қарастырылған. Сондай-ақ А және В санаттары да мопедті басқаруға құқық береді.