ІІМ өлімге әкелетін жол апаттарының басты себебін атады.
22.05.2024
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Қазақстандағы өлімге әкелетін жол-көлік оқиғаларының басты себебін атады.
"Статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының 84 пайызы елді мекендерде орын алады. Сонымен қатар, адам шығынының төрттен бірін жаяу жүргіншілерді қағып кету жағдайлары құрайды", – деді Қайсар Сұлтанбаев.
ІІМ мәліметтері бойынша, биыл алты мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 542 адам қаза тауып, жеті мыңнан астам адам жарақат алған. Сұлтанбаевтың айтуынша, жол апаттарының басты себептерінің бірі – жолдардың және инфрақұрылымның жағдайы.