Техникалық қолдау
+7 707 384 29 57 | ДС. - ЖМ. 10:00 - 19:00 Астана уақыты

Водителей без прав или удостоверения личности полицейские будут задерживать

26.02.2021

Ал көлік айып тұрағына жіберіледі.

Ел азаматтарына 2021 жылы 13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатсыз көлік жүргізуге рұқсат берілді.

Бірақ қолында жеке куәлігі болу керек. Ал егер бүкіл құжатын үйінде қалдырып кетсе не болатынын Kolesa.kz тілшілері ІІМ-нен сұрады.

Ел азаматтарына 2021 жылы 13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатсыз көлік жүргізуге рұқсат берілді.
Бірақ қолында жеке куәлігі болу керек. Ал егер бүкіл құжатын үйінде қалдырып кетсе не болатынын Kolesa.kz тілшілері ІІМ-нен сұрады.

Біздің ресми сауалымызға полицейлер былай деп жауап берді:
Әкімшілік кодекстің 612-бабы, 1-тармағы бойынша ескерту не 5 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қарастырылған. Сонымен қатар жүргізушінің тұлғасын анықтау мүмкін болмаған немесе ол құжаттағы деректерін дұрыс айтпаған және мүлде еш мәлімет бермеген жағдайда ІІО қызметкерлері азаматты тұтқындап, көлігін айып тұрағына жібереді.
Құжатсыз жүргізушінің жеке басын қалай анықтайтынын министрлік өкілдері ашып айтпады. Дегенмен Әкімшілік кодекстің 785-бабында заң бұзған адам тұлғасын анықтау үшін ұсталатыны жазылған. Ал 789-бап бойынша ол бөлімшеде үш сағаттан артық бөгелмеуі тиіс. Заң тәртіп сақшыларына құжаты жоқ азамат тізгіндеген машинаны айып тұрағына жіберуге құқық береді.

Жүргізуші куәлігі, техникалық құжат пен жеке куәліксіз көлік айдасаңыз, бір-екі сағат полиция бөлімшесінде отырып, машинаны айып тұрағынан алу үшін біраз табалдырықты тоздыруыңыз әбден мүмкін.

Құжатсыз жолға шықпаңыз!
Ақпарат көзі: https://kolesa.kz/content/kz/news-kz/politsiya-qyzhatsyz-zhurgizushilerdi-qamauga-alady/