Тіркеу, тапсырысты ресімдеу және төлеу / Тесты по ПДД РК 2024 на www.safety-driving.kz

Сайтта тіркелу және тапсырысты ресімдеу жөніндегі нұсқаулық

Біздің Интернет-дүкеннен тауар сатып алу рәсімі өте қарапайым және бірнеше қадамнан тұрады.



I.
  • Тіркеу, тапсырысты ресімдеу және
  • төлеу


    1. Алдымен Сізге біздің сайтымызда тіркелу керек. ОСЫ ЖЕРДЕ
    (тіркелгеннен кейін Сізге сілтеме бойынша өту керек, Сіздің аккаунтыңыздың тіркелгенін растау үшін ол Сіздің электрондық мекенжайыңызға келеді)

    2. Төлем жасаудың ықтимал тәсілдері туралы оқыңыз

    3. Төлем жасау тәсілін анықтағаннан кейін Жеке тұлғаларға осы бөлімге өту 》 Онлайн-тестілеу
    Бұл жерде қажетті біліктілікті, тілді және кезеңді таңдап, Сіздің онлайн қолжетімділікке тапсырысыңызды ресімдеу керек.

    «САТЫП АЛУ» батырмасын басыңыз.

    Бұдан әрі «РЕСІМДЕУ» батырмасын басыңыз.
    Одан әрі «ТӨЛЕМ» (мұнда төлем тәсілін таңдайсыз) және «САТЫП АЛУШЫ» (мұнда қолданыстағы эл.мекенжайыңыз бен телефон нөміріңізді көрсетесіз) бөлімдерін міндетті түрде толтырасыз егер
    Сізде ондай болмаса, «КУПОН» жолын бос қалдырасыз.
    «Жеткізу» бөлімін толтырмасаңыз болады, өйткені Сіздің онлайн қолжетімділігіңізді жеткізу электрондық тәсілмен жүзеге асырылатын болады - Сіз көрсеткен электрондық поштаға біздің жүйе онлайн-сервиске қолжетімділікті хатпен жібереді, сондай-ақ қолжетімділіктер тізімі Сіздің жеке кабинетіңізде көрінеді.

    «ТАПСЫРЫСТЫ РЕСІМДЕУ» батырмасын басыңыз.

    》 Егер сіз «Онлайн картамен», төлем әдісін таңдасаңыз, онда «Төлеу», батырмасын басқаннан кейін жүйе Сізді терминал-бетке бағыттайды, онда Сіздің картаңыздың деректемелерін толтырып, «ТӨЛЕУ» көк батырмасын басу қажет болады.
    》 Егер Сіз «Ішкі есеп-шот» төлем әдісін таңдасаңыз (Сіздің ішкі есеп-шотыңызда ақша болса, бұл әдіс қолжетімді болады), онда «ТАПСЫРЫСТЫ РЕСІМДЕУ» батырмасын басқаннан кейін жүйе сізге хабарлама береді:

    « Қолжетімділік сәтті төленді
    Сіздің тапсырысыңыздың нөмірі: ***** табысты төленді»

    》Егер Сіз төлем әдісін өзгерте алмасаңыз, «Жеке кабинетке» кіруіңіз керек. Осыдан кейін, беттің төменгі жағында «Менің тапсырыстарым» бөлімін таңдаңыз. Тапсырыстар тізімінде Сіз жасаған, бірақ төлей алмаған тапсырысты таба аласыз. «Төлем әдісін өзгерту» сілтемесін басыңыз. Осыдан кейін «Ішкі шотты» таңдап, и нажмите батырмасын басыңыз

    Төлем сәтті аяқталғаннан кейін жүйе Сізге мынадай хабарлама береді:

    Біз Сізге логин мен пароль жасаймыз және тапсырыс беру кезінде көрсеткен электрондық поштаңызға жібереміз. Электрондық поштаңызды тексеріңіз!

    ● Егер Сіз төлем жасау әдісі нұсқаулығына сәйкес әрекет етсеңіз, тапсырысты төлеумен байланысты проблемалар туындамайды!

    ● Төлем жасағаннан кейін бір немесе бір жарым сағаттан соң Сіздің эл.мекенжайыңызға логин, пароль және онлайн-сервиске сілтеме берілген хат келіп түседі. Сілтеме бойынша өтіп, сілтемесі бар осы хатта келген логин мен парольді енгізіңіз де пайдалана беріңіз!

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қолжетімділік берілген хат «СПАМ» папкасына түсуі мүмкін!
    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тапсырысты ресімдеу кезінде Сіз көрсететін эл.мекенжай қолданылатын және дұрыс болуы тиіс!



    II.
  • Төлем тәсілдері мен бағалары


    Сайтта көрсетілген бағалар түпкілікті болып табылады және дәстүрлі жеткізу жағдайларында қосымша ақы талап етпейді. Барлық салықтар тауар құнына қосылған.

    Назар аударыңыз! Әрбір жекелеген тапсырыс үшін Сіздің таңдауыңызға қарай бір ғана төлем тәсілі болуы мүмкін. Тапсырысты бөліп, әртүрлі тәсілдермен төлеу мүмкін емес!

    Ықтимал төлем тәсілдері:
    • Төлем картасымен Онлайн төлеу.
      Біздің сайт интернет-эквайрингке қосылған және Сіз тауардың ақысын Visa немесе Mastercard банк картасымен төлей аласыз. Таңдалған Тауапды растағаннан кейін CloudPayments процессингтік орталығының төлем беті бар қорғалған терезе ашылады, онда Сізге өзіңіздің банк картаңыздың деректерін енгізу қажет болады. Карта ұстаушысын қосымша сәйкестендіру үшін 3D Secure хаттамасы қолданылады. Егер Сіздің банкіңіз осы технологияны қолдаса, Сіз қосымша сәйкестендіру үшін оның серверіне қайта бағытталасыз. Қосымша сәйкестендіру қағидалары мен әдістері туралы ақпаратты Сізге банк картасын берген Банктен нақтылаңыз.

    • QIWI терминалдары арқылы төлеу
      Сіз біздің сайтымыздың қызметтері мен тауарларын QIWI терминалдары арқылы төлей аласыз, ол үшін Сізге «SAFETY-DRIVING» қызметін таңдап, жеке идентификаторыңызды = 0 көрсетіп, Сізге қажетті кез келген соманы төлеу керек. Сәтті төлем жасағаннан кейін Сіздің қаражатыңыз ішкі шотыңызға аударылады және Сіз кез-келген қызметті ішкі шоттан төлей аласыз.
    • Kaspi.kz көмегімен қалай төлем жасауға болады
      1. «Жеке тұлғалар» бөліміне кіреміз, «Онлайн тестілеу» кіші бөлімін таңдаймыз
      2. Қажітті біліктілікті, кезеңді, тілді таңдаймыз және  «Сатып алу» батырмасын басамыз
      3. «Тапсырысты ресімдеу» батырмасын басамыз («Купон» жолын өткізіп жібереміз, егер сізде ондай болмаса).
      4. «Әрі қарай» батырмасын басамыз
      5. «Төлем» бөлімінде «KaspiBank» таңдаймыз, «Әрі қарай» батырмасын басамыз
      6. «Жеткізу» бөлімін өткізіп жәбереміз және тиіспейміз
      7. «Сатып алушы» (Т.А.Ә., E-mail, телефон) бөлімін толық толтырамыз
      8. «Тапсырысты ресімдеу» батырмасын басамыз
      9. Ашылған бетте «Тапсырысты төлеу» батырмасын басамыз
      10. Kaspi.kz қосымшасы немесе веб сайты ашылады, Kaspi.kz-тегі жеке кабинетке кіреміз
      11. Бізде тапсырыс нөмірі автоматты түрде жазылғанын және «Жалғастыру» батырмасы бар екенін көреміз. Осы батырманы басамыз.
      12. Одан әрі, ашылған бөлімнен, тестке қол жеткізу үшін ақша аударылатын есеп-шотты таңдаймыз және «Төлемге ....» батырмасын басамыз 
      Транзакция сәтті өткеннен кейін жеке кабинетке кіреміз, «Қолжетімділіктер» бөлімін тауып аламыз, осы бөлімнің соңындағы «Тестілеуді бастау» батырмасын басамыз.  

      Назар аударыңыз!!!! Kaspi.kz көмегімен (немесе басқа да тәсілдермен) тестке қолжетімділікті ресімдеу және төлеу үшін біздің сайтымызда тіркелген және авторизациядан өткен болуыңыз қажет!!!!


    III.
  • Құпиялылық


    Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, өйткені::

    • Авторизация жүйесі сатып алушыға оның картасының төлем деректемелері (нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспейтініне кепілдік береді, өйткені бұл деректер авторизация серверінде сақталмайды және ұрланбайды.
    • Сатып алушы өзінің төлем деректемелерін интернет-дүкеннің сайтында емес, тікелей «Альфа-банк» ЕБ АҚ авторизациялау жүйесінде енгізеді, демек, сатып алушы картасының төлем деректемелері тиісті өкілеттіктері бар банк қызметкерлерінен басқа ешкімге қолжетімді болмайды.
    • Интернет арқылы төлем қызметі Халықаралық төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес төлем жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады, ол үшін жабық байланыс арналары арқылы деректерді тексеру, шифрлау және берудің ең заманауи әдістері қолданылады.


    IV.
  • Аккаунт нөмірі мен жеке есеп-шот


    Жеке кабинетте, сондай-ақ сайттың жоғарғы жағында көрсетілген есеп-шот нөмірі Сіздің жеке шотыңызды QIWI терминалдары арқылы толтыру үшін, сайттағы қызметті немесе тауарларды төлеу үшін қажет.

    Жеке есеп-шот - бұл Сіздің сайттағы тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған ішкі әмияныңыз.
    Ішкі шоттағы қаражатты пайдалану үшін Сіз тауарды таңдап, оны себетке қосып, төлем әдісінде «Жеке шоттан төлем» таңдауыңыз керек. Қаражатты толтыру үшін QIWI терминалын пайдаланыңыз.



    V.
  • Гарантии безопасности (CloudPayments)


    Процессинговый центр CloudPayments защищает и обрабатывает данные Вашей банковской карты по стандарту безопасности PCI DSS 3.0. Передача информации в платежный шлюз происходит с применением технологии шифрования SSL. Дальнейшая передача информации происходит по закрытым банковским сетям, имеющим наивысший уровень надежности. CloudPayments не передает данные Вашей карты нам и иным третьим лицам. Для дополнительной аутентификации держателя карты используется протокол 3D Secure.

    В случае, если у Вас есть вопросы по совершенному платежу, Вы можете обратиться в службу поддержки клиентов платежного сервиса по электронной почте support@cloudpayments.ru.


    Онлайн төлем қауіпсіздігі

    Сіз ұсынатын дербес ақпарат (аты, мекенжайы, телефоны, E-mail, несие картасының нөмірі) құпия болып табылады және жариялауға жатпайды. Сіздің несие картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің веб-серверде сақталмайды.


    Сіздің браузеріңіз арнайы бетте онлайн режимінде төлем жасау үшін жеткілікті қауіпсіз екенін тексеруді ұсынамыз.

    Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне «КлаудПэйментс» ЖШС кепілдік береді. Төлем карталарымен жасалатын барлық операциялар VISA International, MasterCard және басқа төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ақпаратты беру кезінде карточкалық онлайн-төлемдер қауіпсіздігінің арнайы технологиялары пайдаланылады, деректерді өңдеу процессингтік компанияның қауіпсіз жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі.