Онлайн Автошкола / Тесты по ПДД РК 2024 на www.safety-driving.kz

Онлайн Автошкола

Онлайн Автомектепте оқуды қалай бастау керек

Қаланы таңдаңыз және пайда болған кестеден кез келген автомектепке келісімшарт жасау үшін жүгініңіз
Егер Сіздің қалаңыз тізімде болмаса, бізге info@sfd.kz жазыңыз. Біз қолайлы серіктестер табуға тырысамыз және бұл туралы Сізге хабарлаймыз
Астана

Енді кез-келген жүргізушіге үміткер үшін Интернет арқылы қашықтықтан оқыту мүмкіндігімен автомектепте оқу мүмкіндігі бар.


Қашықтықтан оқытуды бастау үшін не керек?

Сіз біздің сайттан осындай қызметті ұсынатын серіктес мектепті табасыз, келісімшартқа қол қоясыз, онлайн сервис үшін төлем жасайсыз, онлайн-сервиске кіретін және оқуды бастайтын логин мен пароль аласыз.

Оқыту қалай жүргізіледі?
  • Сабақтарды қараңыз
  • Тестілеуден өтіңіз
  • Статистиканы қадағалаңыз
  • Сұрақтар қоя аласыз
  • Сізге қолайлы уақытта
  • Кез келген қондырғыда

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Автомектепте қашықтықтан оқыту міндетті практикалық сабақтардан өтуден босатпайды!

for-all.jpg


Safety Driving компаниясының серіктестері болып табылатын және қашықтықтан оқыту мүмкіндігін беретін, жоғарыда ұсынылған автомектептердің тізімінен Сіздің өңірдегі ұнағанын таңдаңыз және қашықтан оқуды бастаңыз.
Кез келген платформа

Сіз қашықтықтан оқытуды кез келген ОЖ-да (Windows, MacOS, Linux және т.б.) интернетке шыға алатын кез келген компьютерде өте аласыз

Ұялы телефондардан қолжетімділік

Қашықтықтан оқыту нысаны Android пен iOS платформаларында ұялы телефоннан да қолжетімді 

Оқыту кезінде қолдау

Қашықтықтан оқи отырып, Сіз оқу процесінде жалғыз қалмайсыз. Сіз өзіңіз тіркелген автомектептің нұсқаушысына түсініксіз болып көрінген тақырыптар бойынша сұрақтар қоя аласыз. Сондай-ақ, нұсқаушы Сіз оқыған сабақтар туралы статистиканы көреді, бұл оған Сізді қажетті уақытта бағыттауға, түзетуге және Сіз үшін түсініксіз тақырыптар бойынша мазмұнды түсінік беруге мүмкіндік береді.

Статистика

Қашықтықтан оқыту процесінде оқу мен емтиханнан өтуіне қарай статистика жинақталады және Сіздің жеке кабинетіңізде сақталады.

v-u.jpg

test.jpg
onlavtoshk.jpg

message.jpg
Сәйкестілік

Сіз зерделейтін барлық материал Қазақстан Республикасының 2020 жылғы ЖЖҚ мазмұнына сәйкес келеді

Сұрақтарды немесе иллюстрацияларды өзгерткен немесе емтихан базасына қосқан кезде біздің сервис те жаңарады.

Алгоритм

Қашықтықтан оқыту уақытында тестілеуден өту кезінде кездесетін сұрақтар тәртібі Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК бекіткен алгоритм бойынша қалыптасады.

Қатемен жұмыс

Сынақ емтиханынан өткеннен кейін Сіз қателеріңізді қарап, дұрыс жауап нұсқасымен таныса аласыз. Сондай-ақ, жауаптың әрбір дұрыс нұсқасына бұл нұсқаның неліктен дұрыс екендігі туралы сипаттама бар, бұл жол жағдайын және осындай жағдайға тап болсаңыз, Сіздің қажетті әрекеттеріңізді оңай түсіну үшін берілген.


*Онлайн-сервистің жұмыс қабілеттілігіне кепіл беру үшін біз интернет-браузерлердің бірін пайдалануды ұсынамыз:

chrome16.png Google Chrome
1200px-Firefox_Logo,_2017.svg.png Mozila Firefox


for-all.jpg